Гепарин в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению гепарина в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора гепарина, взаимодействие с другими лекарствами, применение гепарина (раствор) при беременности. Инструкции: Гепарин в мази;
Торговое название: ГЕПАРИН
Международное название: Гепарин натрия
Лекарственная форма: Раствор для инъекций, 5000 ЕД/мл
Показания к применению:
Атс классификация:
C Средства, влияющие на сердечно-сосудистую систему
C05 Ангиопротекторы
C05B Средства, применяемые при варикозном расширении вен
C05B A Гепарин или гепариноиды для местного применения
Фарм. группа:
Антикоагулянты прямые. Гепарин и его производные. Код АТС В01АВ01
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре от 8 °С до 15 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
4 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Бесцветная или светло-желтого цвета прозрачная жидкость

Состав гепарина в растворе

1 мл раствора содержит
1 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество гепарина

гепарин натрия 5000 ЕД
5000 ӘБ натрий гепарині

Вспомогательные вещества в гепарине

бензиловый спирт, натрия хлорид, вода для инъекций до 1 мл
бензил спирті, натрий хлориді, 1 мл-ге дейін инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора гепарина

  • тромбоз глубоких вен
  • тромбоэмболия легочной артерии
  • тромбоз коронарных артерий
  • тромбофлебиты
  • нестабильная стенокардия
  • острый инфаркт миокарда
  • мерцательная аритмия
  • ДВС-синдром
  • профилактика и терапия микротромбообразования и нарушения микроциркуляции
  • тромбоз почечных вен
  • гемолитикоуремический синдром
  • митральный порок сердца
  • бактериальный эндокардит
  • гломерунефрит
  • волчаночный нефрит
  • профилактика свертывания крови во время операций с использованием экстракорпоральных методов кровообращения, при проведении гемодиализа, гемосорбции, перитонеального диализа, цитафереза, форсированного диуреза, при промывании венозных катетеров
  • терең көктамырлар тромбозында
  • өкпе артериясының тромбоэмболиясында
  • коронарлық артериялар тромбозында
  • тромбофлебиттерде
  • тұрақсыз стенокардияда
  • жедел миокард инфарктісінде
  • жыпылықтағыш аритмияда
  • ДВС-синдромында
  • микротромб түзілуінің және микроайналым бұзылуының алдын алу және емдеуде
  • бүйрек тамырларының тромбозында
  • гемолитикоуремиялық синдромда
  • жүректің митральді ақауында
  • бактериялық эндокардитте
  • гломерулонефритте
  • жегілік нефритте
  • қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезінде қан ұюының алдын алуда, гемодиализ, гемосорбция, перитонеальді диализ, цитаферез, жеделдетілген диурез жүргізгенде, көктамырлық катетерлерді жуып-шайғанда

Противопоказания гепарина в растворе

  • гиперчувствительность к гепарину
  • гемофилия, тромбоцитопения, васкулит
  • кровотечение
  • аневризма сосудов головного мозга, расслаивающая аневризма аорты
  • геморрагический инсульт
  • антифосфолипидный синдром
  • травма (особенно черепно-мозговая)
  • неконтролируемая артериальная гипертензия
  • эрозивно-язвенные поражения желудочно-кишечного тракта
  • цирроз печени, сопровождающийся варикозным расширением вен пищевода
  • менструальный период
  • угрожающий выкидыш
  • роды (в т.ч. недавние)
  • недавно проведенные хирургические вмешательства на глазах, мозге, предстательной железе, печени и желчных путях
  • состояние после пункции спинного мозга
  • беременность
  • период лактации
  • детский возраст до 3 лет
  • гепаринге асқын сезімталдық
  • гемофилия, тромбоцитопения, васкулит
  • қан кету
  • ми тамырларының аневризмасы, қолқа қабатын ажырататын аневризма
  • геморрагиялық инсульт
  • антифосфолипидті синдром
  • жарақат (әсіресе бассүйек-мидың)
  • бақыланбайтын артериялық гипертензия
  • асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары
  • өңеш көктамырларының варикозды кеңеюімен қатар жүретін бауыр циррозы
  • етеккір кезеңі
  • қатерлі түсік
  • босану (соның ішінде таяудағы)
  • көзге, миға, қуық асты безіне, бауырға және өт жолдарына таяуда жүргізілген хирургиялық араласуларда
  • жұлынға жасалған пункциядан кейінгі жай-күй
  • жүктілік
  • лактация кезеңі
  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Побочные действия раствора гепарина

Иногда:
  • головокружение, головная боль, тошнота, снижение аппетита, рвота, диарея
Редко:
  • тромбоцитопения
  • некроз кожи
  • артериальные тромбозы, сопровождающиеся развитием гангрены, инфаркта миокарда, инсульта
  • кальцификация мягких тканей
  • остеопороз, спонтанные переломы костей
  • гипоальдостеронизм
  • преходящая алопеция
  • увеличение активности «печеночных» трансаминаз
  • аллергические реакции: иногда – гиперемия кожи, лекарственная лихорадка, крапивница, ринит, кожный зуд и ощущение жара в подошвах, редко - брон-хоспазм, коллапс, анафилактический шок
  • местные реакции: раздражение, боль, гиперемия, гематома и изъязвления в месте введения, кровотечение (риск может быть сведен до минимума при тщательной оценке противопоказаний, регулярном лабораторном контроле свертывания крови и точной дозировке)
  • кровотечение из желудочно-кишечного тракта и мочевых путей, в месте введения, в областях, подвергающихся давлению, из операционных ран, а также кровоизлияния в других органах (надпочечники, желтое тело, ретроперитонеальное пространство)
Кейде:
  • бас айналу, бас ауыру, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея
Сирек:
  • тромбоцитопения
  • тері некрозы
  • гангренаның, миокард инфарктісінің, инсульттің дамуымен қатар жүретін артериялық тромбоздар
  • жұмсақ тіндердің кальцификациясы
  • остеопороз, сүйектердің өздігінен күрт сынуы
  • гипоальдостеронизм
  • өтпелі алопеция
  • «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы
  • аллергиялық реакциялар: кейде - тері гиперемиясы, дәрілік қызба, есекжем, ринит, тері қышымасы және табанның ысынуын сезіну, сирек - бронх түйілуі, коллапс, анафилактикалық шок
  • жергілікті реакциялар: тітіркену, ауырсыну, гиперемия, гематома және енгізген жердің ойық жаралануы, қан кету (қарсы көрсетілімдерді мұқият бағалағанда, қан ұюын жүйелі зертханалық тексергенде және нақты дозалағанда қауіпті жоққа тән кемітуге болады)
  • асқазан-ішек жолынан және несеп жолдарынан, енгізілген жерлерде, қысымға ұшырайтын аймақтарда, операциялық жарақаттардан қан кетулер, сонымен қатар басқа ағзаларға (бүйрекүсті бездері, сары дене, ретроперитонеальді кеңістік) қан құйылулар

Особые указания к применению

С осторожностью: лицам, страдающим поливалентной аллергией (в т.ч. бронхиальная астма); артериальной гипертензией, при стоматологических манипуляциях, сахарном диабете, эндокардите, перикардите, при наличии внутриматочного контрацептива (ВМК), активном туберкулезе, лучевой терапии, печеночной недостаточности, хронической почечной недостаточности, пожилом возрасте (старше 60 лет, особенно у женщины).

Гепарин нельзя вводить внутримышечно, так как возможно образование гематом в месте введения.

Раствор гепарина может приобрести желтый оттенок, что не меняет его активности или переносимости.

При назначении гепарина в лечебных целях его доза подбирается в зависимости от значения АЧТВ (активированное частичное тромбопластиновое время).

Во время применения гепарина не следует вводить внутримышечно лекарст-венные средства и проводить биопсию органов.

Для разведения гепарина используют только 0,9 % раствор натрия хлорида.

Хотя гепарин не проникает в грудное молоко, назначение его кормящим матерям в отдельных случаях вызывало быстрое (в течение 2-4 нед) развитие остеопороза и повреждение позвоночника.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
При применении препарата Гепарин могут возникать: головокружение, головная боль, тошнота, в связи с этим на время лечения следует воздержаться от управления транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Сақтықпен: Поливалентті аллергиядан (соның ішінде бронх демікпесінен), артериялық гипертензиядан зардап шегетін тұлғаларға, стоматологиялық манипуляцияларда, қант диабетінде, эндокардитте, перикардитте, жатырішілік контрацептив (ЖІК) бар болса, белсенді туберкулезде, сәулелі емде, бауыр жеткіліксіздігінде, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, егде жаста (60 жастан асқандар, әсіресе әйелдер).

Гепаринді бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, өйткені енгізілген жерде гематома түзілуі мүмкін. Гепарин ерітіндісінде сары рең болуы мүмкін, ол оның белсенділігін немесе көтерімділігін өзгертпейді. Гепаринді емдік мақсаттарда тағайындағанда оның дозасын БЖТУ (белсенділендірілген жартылай тромбопластин уақытының) мәніне қарай іріктейді.

Гепаринді қолдану кезінде дәрілік заттарды бұлшықет ішіне енгізуге және ағзаларға биопсия жүргізуге болмайды. Гепаринді сұйылту үшін тек 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін пайдаланады. Гепарин емшек сүтіне өтпесе де, оны бала емізетін аналарға тағайындау жекелеген жағдайларда оостеопороздың жылдам дамуын (2-4 апта ішінде) және омыртқаның зақымдануын туындатты.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гепарин препаратын қолданғанда: бас айналу, бас ауыру, жүрек айну пайда болуы ықтимал, осыған орай емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруды қоя тұру қажет.

Дозировка и способ применения

Гепарин назначают в виде непрерывной внутривенной инфузии или в виде регулярных внутривенных инъекций, а также подкожно (в область живота).

С профилактической целью – подкожно, по 5000 ЕД/сут, с интервалами в 8-12 ч. Обычным местом для подкожных инъекций является передне-латеральная стенка живота (в исключительных случаях вводят в верхнюю об-ласть плеча или бедра), при этом используют тонкую иглу, которую следует вводить глубоко, перпендикулярно, в складку кожи, удерживаемую между большим и указательным пальцем до окончания введения раствора. Следует каждый раз чередовать места введения (во избежание формирования гематомы). Первую инъекцию необходимо осуществлять за 1-2 ч до начала операции; в послеоперационном периоде вводить в течение 7-10 дней, а в случае необходимости – более длительное время.

Начальная доза гепарина, вводимого в лечебных целях, обычно составляет 5000 ЕД и вводится внутривенно, после чего лечение продолжают, используя внутривенные инфузии.

Поддерживающие дозы определяются в зависимости от способа применения:
  • при непрерывной внутривенной инфузии назначают по 1000-2000 ЕД/ч (24000-48000 ЕД/сут), разводя гепарин в 0,9 % растворе натрия хлорида;
  • при периодических внутривенных инъекциях назначают по 5000-10000 ЕД гепарина каждые 4 ч.
Взрослым при тромбозах легкой и умеренной степени тяжести препарат назначают внутривенно в дозе 40000-50000 ЕД/сут, разделенной на 3-4 раза; при тяжелом тромбозе и эмболии – внутривенно в дозе 80000 ЕД/сут, разделенной на 4 раза с интервалом 6 ч. По жизненным показаниям внутривенно вводят однократно 25000 ЕД (5 мл), затем по 20000 ЕД каждые 4 ч до достижения суточной дозы 80000-120000 ЕД. При внутривенном капельном вливании к суточному объему инфузионного раствора необходимо добавлять не менее 40000 ЕД гепарина.

Дозы гепарина при внутривенном введении подбирают так, чтобы активированное частичное тромбопластиновое время (АЧТВ) было – в 1,5-2,5 раза больше контрольного. При подкожном введении малых доз (5000 ЕД 2-3 раза в день) для профилактики тромбообразования регулярного контроля АЧТВ не требуется, так как оно увеличивается незначительно.

Непрерывная внутривенная инфузия является наиболее эффективным способом применения гепарина, лучшим, чем регулярные (периодические) инъекции, так как обеспечивает более стабильную гипокоагуляцию и реже вызывает кровотечения.

При проведении экстракорпорального кровообращения вводят в дозе 140-400 ЕД/кг или по 1500-2000 ЕД на 500 мл крови. При гемодиализе вначале вводят внутривенно 10000 ЕД, затем в середине процедуры – еще 30000-50000 ЕД. Для лиц пожилого возраста, особенно женщин, дозы должны быть снижены.

Детям препарат вводят внутривенно капельно: от 3 до 6 лет – 600 МЕ/кг в сутки, от 6 до 15 лет – 500 МЕ/кг в сутки под контролем АЧТВ.
Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аймағына) тағайындалады.

Алдын алу мақсатында 8-12 сағат аралықтармен тері астына тәулігіне 5000 ӘБ-ден. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аймағына енгізеді), осы орайда жіңішке ине пайдаланылып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізіледі. Әр кезде енгізу орынын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін).
Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салады; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.

Емдік мақсаттарда енгізілетін гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ӘБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.

Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:
  • үздіксіз көктамырішілік инфузияда, гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, сағатына 1000-2000 ӘБ (24000-48000 ӘБ/тәулік) тағайындайды;
  • мерзім сайын жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ӘБ гепарин тағайындалады.
Ересектерге жеңіл және орташа дәрежелі ауырлық сипатындағы тромбоздарда препаратты көктамыр ішіне тәулігіне 40000-50000 ӘБ дозада 3-4 ретке бөліп; ауыр тромбозда және эмболияда – көктамыр ішіне тәулігіне 80000 ӘБ дозада, 4 ретке бөліп 6 сағат аралықпен тағайындайды. Тіршілік көрсеткіштеріне қарай, көктамыр ішіне бір дүркін 25000 ӘБ (5 мл), сосын әр 4 сағат сайын 20000 ӘБ-ден тәуліктік 80000-120000 ӘБ дозаға жеткенше енгізеді. Көктамырішілік тамшылатып құюлар кезінде инфузиялық ерітіндінің тәуліктік көлеміне кемінде 40000 ӘБ гепарин қосу қажет. Көктамыр ішіне енгізгенде гепарин дозаларын белсенділендірілген жартылай тромбопластин уақыты (БЖТУ) бақылануынан 1,5-2 есеге көбірек болатындай етіп іріктейді. Тері астына аз дозаларды енгізгенде (күніне 2-3 рет 5000 ӘБ) тромб түзілуінің алдын алу үшін жүйелі БЖТУ бақылауы, оның ұлғаюы мардымсыз болғандықтан, талап етілмейді.
Үздіксіз көктамырішілік инфузия жүргізу гепаринді қолданудың, жүйелі (әлсін-әлсін) инъекциялардан гөрі, үздік ең тиімді тәсілі болып табылады, өйткені мейлінше тұрақты гипокоагуляциямен қамтамасыз етеді және қан кетуді сирек туындатады.
Экстракорпоральді қан айналдыруды жүргізгенде 140-400 ӘБ/кг дозада немесе 500 мл қанға 1500-2000 ӘБ-ден енгізеді. Гемодиализ кезінде басында көктамыр ішіне 10000 ӘБ, сосын емшараның ортасында – тағы 30000-50000 ӘБ енгізеді. Егде жастағы тұлғаларға, әсіресе әйелдерге дозалар азайтылуға тиіс.
Балаларға препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді: 3-тен 6 жасқа дейін – тәулігіне 600 ӘБ/кг, 6-дан 15 жасқа дейін – тәулігіне 500 ӘБ/кг БЖТУ бақылануымен.

Взаимодействие с лекарствами

Действие гепарина усиливают некоторые антибиотики (снижают образование витамина К кишечной микрофлорой), ацетилсалициловая кислота, дипирида-мол, нестероидные противовоспалительные препараты и другие лекарственные средства, снижающие агрегацию тромбоцитов (остающихся основным механизмом гемостаза у больных на фоне лечения гепарином), непрямые антикоагулянты, лекарственные средства, блокирующие канальцевую секрецию.

Ослабляют – антигистаминные лекарственные средства, фенотиазины, сердечные гликозиды, никотиновая кислота, этакриновая кислота, тетрациклины, алкалоиды спорыньи, никотин, нитроглицерин (внутривенное введение), тироксин, адренокортикотропный гормон, щелочные аминокислоты и полипептиды, протамин. Нельзя смешивать в одном шприце с другими лекарственными средствами.
Гепариннің әсерін кейбір антибиотиктер (ішек микрофлорасында К витаминінің түзілуін төмендетеді), ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және тромбоциттер агрегациясын төмендететін (гепаринмен емдеу аясында науқастардағы гемостаздың негізгі механизмі болып қалатын) басқа дәрілік заттар, тікелей емес антикоагулянттар, өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар күшейтеді. Гистаминге қарсы дәрілік заттар, фенотиазиндер, жүрек гликозидтері, никотин қышқылы, этакрин қышқылы, тетрациклиндер, алкалоид қастауыштары, никотин қышқылы, нитроглицерин (көктамыр ішіне енгізу), тироксин, адренокортикотропты гормон, сілтілік амин қышқылдары және полипептидтер, протамин - әлсіретеді. Басқа дәрілік заттармен бір еккіште араластыруға болмайды.

Передозировка гепариным в растворе

Симптомы: признаки кровотечения

Лечение: при малых кровотечениях, вызванных передозировкой гепарина, достаточно прекратить его применение. При обширных кровотечениях избыток гепарина нейтрализует протамина сульфатом (1 мг протамина сульфата на 100 ЕД гепарина). Надо иметь в виду, что гепарин быстро выводится, и если протамина сульфат назначен через 30 мин после предыдущей дозы гепарина, нужно ввести только половину необходимой дозы; максимальная доза протамина сульфата составляет 50 мг. Гемодиализ неэффективен.
Белгілері: қан кету нышандары

Емі: гепаринмен артық дозалану туғызған аз қан кетулерде оны қолдануды тоқтату жеткілікті. Аумақты қан кетулерде гепариннің артық мөлшерін протамин сульфатымен (100 ӘБ гепаринге 1 мг протамин сульфаты) бейтараптандырады. Гепариннің жылдам шығарылатынын ескерген жөн, егер де протамин сульфаты гепариннің алдыңғы дозасынан кейін 30 минуттан соң тағайындалса, қажетті дозаның жартысын ғана енгізу керек; протамин сульфатының ең жоғарғы дозасы 50 мг құрайды. Гемодиализ тиімсіз.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После подкожного введения ТCmax- 4-5 ч. Связь с белками плазмы крови – до 95 %, объем распределения очень маленький – 0,06 л/кг (не покидает сосуди-стое русло из-за сильного связывания с белками плазмы крови). Гепарин не проникает через плаценту и в грудное молоко. Интенсивно захватывается эндотелиальными клетками и клетками мононуклеарно-макрофагальной системы (клетками ретикуло-эндотелиальной системы), концентрируется в печени и селезенке.

При ингаляционном способе введения (вдыхании) поглощается альвеолярными макрофагами, эндотелием капилляров, больших кровеносных и лимфатических сосудов: эти клетки являются основным местом депонирования гепарина, из которого о постепенно высвобождается, поддерживая необходимую концентрацию в плазме крови.

Метаболизируется в печени с участием N-десульфамидазы и гепариназы тромбоцитов, включающейся в метаболизм гепарина на более поздних этапах. Участие в метаболизме тромбоцитарного фактора IV (антигепаринового фактора), а также связывание гепарина с системой макрофагов объясняют быструю биологическую инактивацию и кратковременность действия. Десульфатированные молекулы под воздействием эндогликозидазы почек превращаются в низкомолекулярные фрагменты.

Период полувыведения гепарина – 1-6 ч (в среднем – 1,5 ч); увеличивается при ожирении, печеночной и/или почечной недостаточности; уменьшается при тромбоэмболии легочной артерии, инфекциях, злокаче-ственных опухолях. Выделяется почками, преимущественно в виде неактивных метаболитов, и только при введении высоких доз возможно выведение (до 50 %) в неизмененном виде. Не выводится посредством гемодиализа.
Тері астына енгізгеннен кейін ТCmax – 4-5 сағат. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы – 95%-ға дейін, таралу көлемі өте кішкентай – 0,06 л/кг (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына орай, қан тамыры арнасынан кетпейді). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелийлік жасушалармен және мононуклеарлық-макрофагтық жүйенің жасушаларымен (ретикула-эндотелий жүйесінің жасушаларымен) қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады.

Ингаляциялық енгізу тәсілінде (ішке тартқанда) үлкен қан тамырлардың және лимфатикалық тамырлардың альвеолярлық макрофагтарымен, қылтамырлар эндотелийімен жұтылады: осы жасушалар гепарин депонирленетін негізгі орын болып табылады, одан ол қан плазмасындағы қажетті концентрациясын ұстап тұрып, біртіндеп босап шығады. Бауырда N-десульфамидазаның және гепарин метаболизміне көп кешеуілдеген сатыларда қосылатын тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. IV тромбоцитарлық фактордың (гепаринге қарсы фактор) метаболизміне қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділіктің жылдам жойылуын және әсер етудің қысқа мерзімділігін көрсетеді.

Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсер етуімен төмен молекулалық фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі –1-6 сағат (орташа – 1,5 сағ.); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұзарады; өкпе артериясының тромбоэмболиясында, жұқпаларда, қатерлі ісіктерде қысқарады. Бүйрекпен бөлінеді, негізінен белсенді емес метаболиттер түрінде, тек жоғары дозаларды енгізгенде өзгермеген күйде (50%-ға дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Фармакодинамика

Антикоагулянт прямого действия, относится к группе среднемолекулярных гепаринов, замедляет образование фибрина. Антикоагулянтный эффект обнаруживается in vitro и in vivo, наступает непосредственно после внутривенного применения.

Механизм действия гепарина основан прежде всего на связывании его с анти-тромбином III – ингибитором активированных факторов свертывания крови: тромбина, IXа, Xа, XIа, XIIа (особенно важной является способность ингибировать тромбин и активированный фактор Х). Гепарин нарушает переход протромбина в тромбин, угнетает тромбин и останавливает образование фибрина из фибриногена, а так же в некоторой степени уменьшает агрегацию тромбоцитов.

Увеличивает почечный кровоток; повышает сопротивление сосудов мозга, уменьшает активность мозговой гиалуронидазы, активирует липопротеинлипазу и обладает гиполипидемическим действием.

Гепарин снижает активность сурфактанта в легких, подавляет чрезмерный синтез альдостерона в коре надпочечников, связывает адреналин, модулирует реакцию яичников на гормональные стимулы, усиливает активность паратгормона. В результате взаимодействия с ферментами может увеличивать активность тирозингидроксилазы мозга, пепсиногена, ДНК-полимеразы и снижать активность миозиновой АТФазы, пируваткиназы, РНК-полимеразы, пепсина.

У больных с ишемической болезнью сердца (в комбинации с ацетилсалициловой кислотой) снижает риск развития острых тромбозов коронарных артерий, инфаркта миокарда и внезапной смерти. Уменьшает частоту повторных инфарктов и летальность больных, перенесших инфаркт миокарда.

В высоких дозах эффективен при тромбоэмболиях легочной артерии и венозном тромбозе, в малых – для профилактики венозных тромбоэмболий, в т.ч. после хирургических операций. При внутривенном введении свертывание крови замедляется почти сразу, при внутримышечном – через 15-30 мин, при подкожном – через 20-60 мин, после ингаляции максимум эффекта – через сутки; продолжительность антикоагуляционного эффекта соответственно – 4-5, 6, 8 ч и 1-2 нед, терапевтический эффект – предотвращение тромбообразования - сохраняется значительно дольше.

Дефицит антитромбина III в плазме или в месте тромбоза может снизить антитромботический эффект гепарина.
Тікелей әсер ететін антикоагулянт, орташа молекулалық гепариндер тобына жатады, фибриннің түзілуін баяулатады. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo сипатында анықталады, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін бірден басталады.

Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның қан ұюының белсенділендірілген факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші - III антитромбинмен (ерекше маңыздысы тромбин мен белсенділендірілген Х факторды тежеу қабілеті болып саналады) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.

Бүйректік қан ағымын ұлғайтады; ми тамырларының қарсыласуын арттырады, ми гиалуронидазасының белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенділендіріп, гиполипидемиялық әсер иеленеді. Гепарин өкпедегі сурфактанттың белсенділігін төмендетеді, бүйрек үсті бездерінің қыртысындағы альдостеронның артық мөлшерлі синтезін бәсеңдетеді, адреналинді байланыстырады, аналық бездердің гормональді жандану реакциясын реттейді, паратгормонның белсенділігін күшейтеді.

Ферменттермен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде ми тирозингидроксилазасының, пепсиногеннің, ДНҚ-полимеразаның белсенділігінің жоғарылатуы және миозиндік АТФазаның, пируваткиназаның, РНҚ-полимеразаның, пепсиннің белсенділігін төмендетуі мүмкін. Жүрегінің ишемиялық ауруы бар науқастарда (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) коронарлық артериялардың жедел тромбоздарының, миокард инфарктісінің және кенеттен болатын өлімнің қаупін төмендетеді. Миокард инфарктісін өткерген науқастарда қайталанатын инфаркт жиілігін және өлім-жітімділікті азайтады.

Жоғары дозаларда өкпе артериясының тромбоэмболияларында және көктамырлық тромбозда, аз дозаларда көктамырлық тромбоэмболиялардың алдын алуға, соның ішінде хирургиялық операциялардан кейін тиімді. Қанның ұюы көктамыр ішіне енгізгенде бірден дерлік, бұлшықет ішіне енгізгенде - 15-30 минуттан кейін, тері астына енгізгенде - 20-60 минуттан соң баяулайды, ингаляциядан кейін ең жоғары тиімділігі – бір тәуліктен кейін; антикоагуляциялық әсерінің ұзақтығы, тиісінше, 4-5, 6, 8 сағат және 1-2 апта, тромб түзілуін болдырмайтын емдік әсері едәуір ұзақ сақталады. Плазмадағы немесе тромбоз орынындағы III антитромбин тапшылығы гепариннің антитромботикалық әсерін төмендетуі мүмкін.

Упаковка и форма выпуска

Раствор для инъекций по 5 мл во флаконах. 5 флаконов в контурной ячейковой упаковке. 1 контурная ячейковая упаковка с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона. 50 флаконов с 1-5 инструкциями по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в коробку из картона.
Құтыларда инъекцияға арналған ерітінді 5 мл-ден. 5 құты пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған. 50 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 1-5 нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.